19.01.2022, 16:32 24196
Қазақстанның арнайы қызметтері тәртіпсіздіктерге радикалдар қатысқанын анықтады
Сурет: facebook Сергей Алексеенок
Достарға айту
Қазақстандағы террорлық әрекеттерге шетелдік лаңкестік ұйымдардың қатысы болуы мүмкін бе? "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин осы сұраққа жауап берді.
Айтуынша, арнайы қызмет осы төңіректе бірнеше айғақты анықтаған. Яғни желтоқсан айының 20-сы шамасында бір уақытта бірнеше топ шетелден елге келген. Дәл осы шетел азаматтары 7-8 қаңтар күндері түрлі жолмен елден шығуға әрекеттенген. Ерлан Қариннің айтуынша, еліміздің құзырлы органдары лаңкестік бабы бойынша 44 қылмыстық іс қозғаған.
Арнайы қызмет өкілдері соңғы оқиғаларға ел ішінде әрекет еткен бірқатар экстремистік ұйым мүшелерінің қатысы барын анықтады. Сондай-ақ радикалдар бұл оқиғаларды жаңа шабуылдар үшін пайдаланғысы келген. Бұл әрекеттердің жолы дер кезінде", - деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин.
Ақпарат көзі: 24.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.11.2024, 12:28 35276
ШҚО-да мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты
Достарға айту
Ағымдағы жылғы 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.
Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі - суицид.
Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.11.2024, 16:40 38151
Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты полицейлер 700-ден астам көлікке жол бастап жүрді
Достарға айту
Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты полицейлер 700-ден астам көлікке жол бастап жүрді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қарашада Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардың бірнеше учаскелерінде қозғалысқа шектеулер енгізілген.
Жолда оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында полицейлер көліктерге жол бастап жүрді. Полицейлер жүргізушілерге колоннада жүру ережелерін, белгіленген жылдамдық режимі мен аралықты сақтау қажеттілігін түсіндірді.
Нәтижесінде Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін 150 көлік, оның ішінде 100 жеңіл және 50 жүк көлігін ертті.
Щучинск қаласынан Астана қаласына 574 көлік, оның ішінде 360 жеңіл және 214 жүк көлігінің қауіпсіздігі қамьамасыз етілді. Патрульдік полицейлер колонналар құруды және жол бойында көлік құралдарын алып жүруді жалғастырып жатыр.
Полиция жүргізушілерден ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.10.2024, 11:47 59471
Атыраудағы сауда орталықтарының өрт болды
Достарға айту
Атыраудағы сауда орталықтарының өрт болды, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
2024 жылғы 27 қазанда сағат 18:37 шамасында Атырау қаласы Б. Құлманов көшесінің бойында орналасқан сауда ойын-сауық кешенінің бірінде түтін шыққаны туралы шақырту түсті.
Атырау облысы ТЖД күштері дереу оқиға орнына жетіп, 80 адамды оның ішінде 45 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Алдын ала мәліметтер бойынша өрт балаларға арналған киім дүкенінің қоймасынан басталған.
Оқиға орнында штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді.
Өрт сағат 21:58-де оқшауланып, сағат 22:50 де толықтай жойылды.
Өрттің жалпы ауданы шамамен 1000 шаршы метрді құрады.
Өрттің шығу себептері алдын ала болжам бойынша тоқ желісінің қысқа тұйықталуы.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 2 шақырту бойынша күштер тартылып, жалпы саны 92 жеке құрам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар оқиға орнында Департаменттің психолог мамандары эвакуацияланған адамдарға және кәсіпкерлерге психологиялық көмек көрсетті. Жедел жәрдемнің 2 бригадасы, "Апаттар медицинасы орталығы" ММ 4 қызметкері, Полиция департаментінің 50 қызметкері, 23 бірлік техникасы және шұғыл әрекет ету мекемелері жұмыс жасады.
Орын алған өрт оқиғасына байланысты, 27 қазаннан бастап Атырау облысы ТЖД дағдарыс орталығында 45-14-75 нөмірі арқылы қауырт желі іске қосылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.10.2024, 17:04 88856
"Саран" шахтасында жазатайым оқиға болды
Достарға айту
Саранская" шахтасында орын алған апаттың салдарынан 3 адам зардап шеккендігін тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті комиссия құруда, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінен.
2024 жылдың 14 қазанында сағат 23:00-де "Qarmet" АҚ Көмір департаментіне қарасты "Саранская" шахтасында апат болды. 41К-7В ұзын қабырғасының төменгі түйіспесінде жұмыс істеу кезінде металл бекіткіш профилін жылжытқан кезде үстіңгі бөліктерден тау жыныстарының бір бөлігі аршылып, жұмысшылар жарақат алған: тау-кен тазарту жұмысшысы Д.Сембеков (1988 ж.т.), кен шебері А. Григорьевич (1989 ж.т.) және тау-кен механизаторы А.Рудия (1983 ж.т.).
Апат салдарынан компания қызметкерлері түрлі дене жарақаттарын алған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, зардап шеккендер проф. Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия атындағы облыстық орталыққа жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін Д.Сембеков пен А.Григорьевич еңбекке жарамсыздық парағын ашпай үйлеріне жіберілді. А.Рудий қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Жазатайым оқиғаны тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті комиссия құруда. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.10.2024, 10:04 90821
Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Достарға айту
Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ақтөбе облысы гарнизонның диспетчеріне Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласында жеке меншік үйдің бірінің ауласында орналасқан гараждан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына дереу бағытталған өрт есептортарының құрамында болған №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Шамаков Данат пен өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты Самрат Мейрамбек өртке оранған құрылыстан 2 газ баллоны мен жанармайы бар канистрды жедел түрде шығарып, жарылыстың алдын алды.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.10.2024, 11:45 92406
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды
Достарға айту
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 17 қазан Астана уақытымен 03 сағат 23 мин жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы қ. 2 балл
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.10.2024, 15:03 103181
Қостанай облысында болған өрт кезінде бір отбасының бес баласы қаза тапты
Достарға айту
Қостанай облысында болған өрт кезінде бір отбасының бес баласы қаза тапты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін таңғы сағат 04.29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан шатыры опырылып түскен. Оқиға орнына 7 минут ішінде құтқарушылар келіп жеткенше, үй толығымен отқа оранған. Өрт сөндірушілер тез арада өртті сөндіріп, үйінділерді тазартуға кірісті. Сағат 06:08-де өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.
Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 ж. кәмелетке толмаған балалар болған. Өкінішке қарай үйінділерді тазарту барысында бес баланың өлі денесі табылды. Балалардың үлкені, 2011 жылы туылған бала ғана аман, зардап шекпеген.
Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал әкелері түрмеде отыр.
Қазір оқиғаның себептері анықталуда. Өрт-техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық қажетті көмек, соның ішінде материалдық көмек те беріліп жатыр.
Қостанай облысының әкімдігі туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
ТЖМ тұрғындардан кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.10.2024, 12:32 119696
Қарағанды облысында дала өртін сөндіру барысында өрт сөндіруші қаза тапты
Достарға айту
6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады!
ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
25.11.2024, 10:34Елорда тұрғындарына ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына дайындық жүргізілетіндігі туралы ескертілді 25.11.2024, 12:39 10336Жоғарғы Сот: электронды білезіктер жиі қолданыла бастады25.11.2024, 12:48 10061"Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті" порталы 2025 жылы іске қосылады25.11.2024, 12:53 9786Жауынгерлік машиналарды жаңғырту, әскерлерді даярлау нәтижелері және күзгі шақыру: Тоқаев Қорғаныс министрімен қандай мәселелер талқылады25.11.2024, 14:57 9461Бакуден Сианға Қазақстан арқылы алғашқы контейнерлік пойыз аттанды
22.11.2024, 14:04 102336Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 101931Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 96831Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді22.11.2024, 11:55 96561Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 96481Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды
08.11.2024, 13:42 115116Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 113366Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 107536Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды22.11.2024, 14:04 102336Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 101931Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда