16.06.2023, 10:17 17546

Екібастұз ЖЭО-сында төбенің плитасы құлады

Плитаның құлау аймағындағы барлық жөндеу және пайдалану жұмыстары тоқтатылды
 Екібастұз ЖЭО-сында төбенің плитасы құлады
Сурет: instagram/ete_ekb
2023 жылғы 15 маусым сағат 16.45-те "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-ның Екібастұз ЖЭО-сында жұмыс істеп тұрған №5 қазандыққа төбенің темірбетон плитасы құлады. Темірбетон плитаның құлауынан ешкім жарақат алған жоқ. Плитаның құлау аймағындағы барлық жөндеу және пайдалану жұмыстары тоқтатылды.

Бұған дейін, 2023 жылғы 11 маусымда жөнделетін №7 қазандық аумағында бүйір қоршау конструкцияларының 8 темірбетон плитасы құлаған болатын.

Ертең, 16 маусымда қазандықтардың үстіндегі шатыр конструкцияларына зерттеу жүргізу жоспарланған, оның нәтижелері бойынша жұмыстарды қайта бастау туралы шешім қабылданады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны