28.02.2025, 19:23 461

Хромтаудағы шахтадағы жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті

Хромтаудағы шахтадағы жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті
Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты "Болашақ" шахтасының кен өндіру блогында ауа кеңістігінің қысқа мерзімді тұтануынан төрт қызметкерді әртүрлі дәрежедегі күйік шалды, деп хабарлайды Қазхромның баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Тексерістен кейін бір қызметкер үйіне қайтарылды. Екі қызметкер стационарлық емделуде, тағы бір адам жан сақтау бөлімінде жатыр.

Компания зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді. Барлық қызметкер жер бетіне шығарылды.

Инциденттің себептері анықталып, жою жұмыстары аяқталғанша шахтадағы кен өндіру жұмыстары тоқтатылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны