04.07.2023, 10:05 23956

Каспий теңізінде жер сілкінді

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2232 шақырым жерде, Каспий теңізінің аумағында орналасты
Каспий теңізінде жер сілкінді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" сейсмикалық станциялар желісі 4 шілде күні сағат 02.02-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2232 шақырым жерде, Каспий теңізінің аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты - 14.2. MPV магнитудасы - 5.8. Тереңдігі - 70 км. Эпиошақ координаттары - 42.29° с.е. 49.89° ш.б.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу: Ақтау қаласында 2-3 балл.

Айта кетейік, 4 шілде күні сағат 00.01-де Әзербайжанның сейсмология қызметтері 5,7 магнитудасымен жер сілкінісін тіркеді. Каспий теңізінде қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты тербелесін Әзербайжанның жекелеген аудандары, соның ішінде Баку тұрғындары сезінді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны