06.07.2023, 10:12 22556

МАЭК №1 энергоблокты жөндеу жұмыстарын аяқтады

Жөндеу жұмыстары арнайы жасақталған кесте бойынша жүргізілді, дегенмен жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды
МАЭК №1 энергоблокты жөндеу жұмыстарын аяқтады
Сурет: Depositphotos
2023 жылғы 6 шілдеде "МАЭК" ЖШС Жылу электр станциясындағы №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталып, сағат 05.51-де іске қосылды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Жөндеу жұмыстары 4 шілдеде энергоблок қазандығы біраз уақыт суытылып тұрған соң сағат 21:50-де басталды. Жұмыс тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді. Кәсіпорынның қызметкерлері оқиға орын алған сәттен бастап энергоблок қазандығындағы жөндеу жұмыстарын тезірек қолға алып, қалпына келтіруге жұмылды. МАЭК мамандарының уақытында жедел іс-қимыл жасауының арқасында энергоблок жабдықтарына елеулі зақым келтірілген жоқ. Соның нәтижесінде, облыс орталығы мен Маңғыстау облысының елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеулер болған жоқ", деп айтылған мәлімдемеде.


Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 3 шілдеде сағат 17:31-де қазандыққа беріліп тұрған тоқ деңгейінің күрт өсуіне байланысты "МАЭК" ЖШС ЖЭС №1 энергоблогінде мәжбүрлі тоқтау орын алды.

Жөндеу жұмыстары арнайы жасақталған кесте бойынша жүргізілді, дегенмен жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны