14.06.2023, 17:52 22906

Нигерияда қайық аударылып, жүздеген адам қаза тапты

Кеме той салтанатынан кейін Квара штатынан Нигер штатына 300-ден астам адамды алып бара жатқан
игерияның оңтүстік-батысындағы Нигер өзенінде қайық аударылып, 100-ден астам тұрғын суға батып кетті, көптеген адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасай отырып.

Кеме той салтанатынан кейін Квара штатынан Нигер штатына 300-ден астам адамды алып бара жатқан.

Ресми тұлғалардың сөзінше, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Қонақтар нөсер жауыннан кейін жолдарды жауып қалған жергілікті өзеннен өту үшін қайықты пайдаланбақ болған. Көрші ауылға неке қию салтанатына барғандар жолдар жарылып кеткендіктен мотоциклмен қайта алмай қалған.

Қайық ағаштың діңіне соғысқаннан кейін аударылып, екіге бөлініп кеткен. Оқиға жергілікті уақытпен 3 пен 4 арасында болды. 53 жолаушы аман қалды. Қайықта болған басқа адамдардың бәрі қаза тапты деген қауіп бар.

Квара штатының үкіметі марқұмдардың отбасына көңіл айтып, аман қалғандарды табу үшін құтқару жұмыстарын бақылап отырғанын мәлімдеді.

Қайықтағы апат - солтүстік Нигериядағы қалыпты жағдай. Өткен айда Сокото штатының солтүстік-батысында қайық аударылып 15 адам мерт болған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны