07.09.2021, 22:57 9074

Оқ-дәрі қоймасындағы өрттен зардап шеккен әскери қызметші қайтыс болды

ТАРАЗ. 7 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасындағы өртті сөндіру кезінде зардап шеккен әскери қызметшілердің бірі Тараз қалалық ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды. Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Осылайша, оқ-дәрі қоймасындағы өрт құрбандарының саны 16 адамға дейін өсті. 90-нан астам адам жарақат алды.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Оқиға себептерін анықтаумен құрылған жедел-тергеу тобы айналысуда. Алдын ала болжамдар бойынша себептер әртүрлі болуы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы, өздігінен жану, химиялық реакция. Сондай-ақ қасақана өртеу немесе диверсия сияқты болжамдар да қарастырылуда. 
 
Өрттен кейін ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті. Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы болып Мұрат Бектанов тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны