10.05.2022, 16:23 9951

Қостанайда Тобыл өзенінің бойында қамыс өртеніп, жалын тұрғын үйлерге тарады

Қостанайда 11 үй өртеніп кетті.
Қостанайда Тобыл өзенінің бойында қамыс өртеніп, жалын тұрғын үйлерге тарады
Сурет: Қостанай облысы ТЖД
ҚОСТАНАЙ. 10 МАМЫР - 9 мамырда кешке Қостанай шетінде Тобыл өзенінің бойында қамыс өртенді. Желдің салдарынан өрт жақын маңдағы тұрғын үйлер мен Набережная көшесіндегі жеке сектордың ауласына тарап кетті.
 
Қостанай облысы ТЖД мәліметінше, өрт 11 тұрғын үйді, алты шаруашылық құрылыс нысаны мен төрт автокөлік, оның ішінде бір жүк көлігін жойып жіберді. Екі тұрғын үй жартылай бүлінді, жалпы 1000 шаршы метр алаң зардап шекті. Жанған қамыстың аумағы 1,5 гектардан асты.
 
Өртті сөндіру қатты жел мен түтіннен қиындағаны хабарланды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, Набережная көшесінен 25 адам эвакуацияланды.
 
Эвакуацияланған адамдар "Дружба" емдеу-сауықтыру орнына орналастырылды. Алдағы уақытта оларға көмек көрсетіледі. Өрт сағат 20.15-те ауыздықталып, жергілікті уақыт бойынша сағат 21.24-те сөндірілді.
 
Өртті сөндіруге ТЖД мен Қостанайдың басқа да қызметтерінің ондаған қызметкері мен техникасы жұмылды. Оқиғаның себебі мен шығын анықталып жатыр. 
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны