30.06.2023, 12:38 25606

Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты

Оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалған
29 маусым күні сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп - М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалған.

Осы факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны