08.04.2022, 14:49 13051

Полиция интернет-алаяқтықтың көбейгенін хабарлады

Бүгінде қылмыскерлер әлеуметтік желілерді, сондай-ақ интернет кеңістігін белсенді түрде пайдалануда.
Полиция интернет-алаяқтықтың көбейгенін хабарлады
Сурет: polisia.kz
АЛМАТЫ. 8 СӘУІР - Алматы полициясы интернет-алаяқтықтың көбейгенін хабарлады. 
 
Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов халық алдындағы есеп беру кездесуінде интернет желісіндегі алаяқтық деректерінің екі есеге артқанына назар аударды. 
 

IT технологиялар саласындағы қылмысқа қатысты мәселелер өзекті болып қалуда. Бүгінде қылмыскерлер өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарына жету үшін әлеуметтік желілерді, сондай-ақ интернет кеңістігін белсенді түрде пайдалануда. Осындай қылмыс түрлерін ашумен айналысатын департаментте құрылған арнайы жедел-іздестіру тобы өткен жылы біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Біз алаяқтық жарнамалары бар интернет-сайттарды анықтау бойынша жұмысымызды жетілдірдік. Олар "Кибернадзор" жүйесі арқылы бұғатталады. Барлығы 1,5 мың осыған ұқсас ресурстар бұғатталған. Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтың кең тараған түрлері, олардың алдын алу жолдары туралы ақпараттар бар әлеуметтік роликтер кеңінен таратылуда", – деді Қанат Таймерденов. 

 
Сондай-ақ, Алматы қаласының бас полицейі қабылданған шаралардың нәтижесінде бірінші тоқсанда интернет-алаяқтықтың тіркелуінің 45%-ға азайып, оның ашылу көрсеткіші 17%-ға жақсарғанын атап өтті.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны