30.08.2023, 21:29 37116

"Саола" супертайфуны Қытайға жақындады

Тайфун 1 қыркүйекте Гуандун провинциясының жағалауына, сондай-ақ Гонконгқа жетуі мүмкін

Саола" супертайфуны 1 қыркүйекте Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының жағалауына жетеді. Қауіптіліктің "қызғылт сары" деңгейі жарияланды. Бұл туралы Қытайдың Орталық метеорологиялық басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Метеорологтардың болжамынша, "Саола" супертайфуны солтүстік-батыс бағытта 10-15 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, Гуандун провинциясының шығыс жағалауына және Фуцзянь провинциясының (Шығыс Қытай) оңтүстік жағалау аймақтарына жақындап келеді.

Тайфун 1 қыркүйекте Гуандун провинциясының жағалауына, сондай-ақ Гонконгқа жетуі мүмкін. Қазір оның ошағы Гуандун провинциясының шығыс жағалауынан оңтүстік-шығысқа қарай 485 шақырым жерде орналасқан. Тайфунның орталық бөлігінде желдің жылдамдығы - 62 м/с.

Қытайдың Орталық метеорологиялық басқармасы Гуандун және Фуцзянь провинцияларының билігіне қажетті алдын алу шараларын қабылдауды ұсынды. Ашық жерде бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады, ал теңіздегі кемелерге порттарға оралу бұйырылады. Гонконг метеорологиялық қызметі де "Саола" тайфунының жақындауына байланысты ауа райының қауіпті деңгейін арттырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны