25.03.2022, 16:20 12091

"Саранская" шахтасында кенші қаза тапты

Бұл туралы "Қорғау" көміршілер кәсіподағы мәлім етті.
"Саранская" шахтасында кенші қаза тапты
Сурет: Depositphotos
ҚАРАҒАНДЫ. 25 НАУРЫЗ - Қарағанды облысындағы "Саранская" шахтасында тау-кен массасы опырылып, салдарынан 56 жастағы кенші қаза тапты. Бұл туралы "Қорғау" көміршілер кәсіподағы мәлім етті.
 

Саранская шахтасында жобалау жұмыстары кезінде тау жыныстары құлап, нәтижесінде Бертагин Талғат Аяпбергенұлы қаза тапты. "Қорғау" көміршілер кәсіподағы кеншілері қаза болған кеншінің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

 
Ақпарат "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ресми сайтында расталды.
 

24 наурызда "Саранская" шахтасында тау жынысы құлап, 1965 жылы туған кенші қаза тапты. Кәсіпорында комиссия жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр", - деді компания өкілдері.

 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны