11.05.2021, 20:47 56712

ШҚО-да өрт салдарынан 31 үй жойылды

РИДДЕР. 11 МАМЫР - Риддерге жақын орналасқан орман өртінің салдарынан 31 үй толығымен жойылды. Тамыз айының соңына дейін барлық зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй беруге уәде берілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өрттен зардап шеккен Риддер тұрғындарымен кездесу барысында тамыз айының соңына дейін тілсіз жаудың кесірінен баспанасыз қалған тұрғындар жаңа үйлердің кілттерін алатынын хабарлады. Бес құрылыс компаниясы жаңа "Ботаника" шағын ауданында жеті үйден салады.
 
Жергілікті билік ауыл тұрғындарын шұғыл түрде эвакуациялап, оларды тамақпен және баспанамен қамтамасыз етті. Өрт аймағында қалған 59 учаскеде 31 үй толығымен жанып кетті. Аман қалған үйлердің жолдарын тазартуға көмектеседі, кешке электр қуаты қалпына келтіріледі.
 
Оқиға орнында қазір шығындарды есептейтін, құжаттарды қалпына келтіру мәселелері бойынша адамдарға кеңес беретін комиссиялар жұмыс істеуде.
 
Облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындармен кездесу барысында жанып кеткен үйлер қалпына келтірілмейтінін хабарлады. Зардап шеккендердің барлығы қала орталығына жақын орналасқан, су құбыры мен электр желісі тартылып жатқан жаңа шағын ауданда аумағы 80 шаршы метр болатын әрі жеке учаскесі бар тұрғын үйлерді тегін алады.
 

Жеке секторда жаңа үйлер бой көтеретін болса, бюджетке шаршы метрі 160 мың теңгеге түседі. Сондықтан осы шешім қабылданып отыр. Тұрғындар бұл баспаналарды тегін алады. Қазірдің өзінде қала сәулетшісі 35 үйдің орналасатын аумағының сызбасын дайындайды, жұмыс жақын күндері басталады. Құрылыс материалдарын Семей кірпіш зауыты ұсынады", - деп хабарлады әкімдікте.

 
Даниал Ахметов тұрғындармен кездесу барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Риддердегі жағдайды жеке бақылауға алғанын атап өтті. ШҚО әкімі апта сайын келіп, құрылыс сапасы мен қала тұрғындарының құжаттарын қалпына келтіру процесін бақылайтын болады.
 

Қазмырыш" профилакторийіне көшірілген тұрғындар құрылыстың соңына дейін осы жерде тұрады. Тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, аталған кәсіпорын банк карталарын ресімдегеннен кейін әрбір отбасына 1 миллион теңгеден аударады.

 
Кенттің қалған тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орманнан 50 метр аралықта қорғаныс жолағы жасалады.
 
Сондай-ақ, облыс әкімі Д.К. Ахметов ауруханаға барып, өрт кезінде күйік алған науқастардың емдеуші дәрігерімен кездесті. Мұнда жергілікті дәрігерлерге көмек көрсету үшін облыс орталығынан мамандар келді. Орташа ауырлықтағы зардап шегушіні Өскемен қаласына тасымалдау туралы мәселе шешілуде. Екінші емделушінің жағдайы әзірге ауыр және Шығыс Қазақстанның жетекші медиктерінің кеңес беруімен Риддерде ем алатын болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-да Лесхоз кентіндегі үйлерге тараған ірі орман өрті пайда болды. Нәтижесінде екі адам күйік алып, әйел қайтыс болды. Риддерде жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды. Өрт шыққан күдікті ұсталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны