09.10.2023, 16:36 78536

Шымкентте мектеп оқушысын қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды

Шымкентте мектеп оқушысын қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды
Сурет: Polisia.kz
Шымкентте мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қазан кешкі сағат 18:45 шамасында Арғынбеков көшесінің бойында BMW-530 автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасын жасады. Салдарынан 9 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды.

Істің мән-жайын анықтауға Шымкент қаласы ПД-ның анықтаушылары мен криминалистері барды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы) бойынша тіркелді.

Анықтаушылар қажетті сараптамаларды тағайындады. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта іс сотқа жолданады.

Полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысына қатысушылардан жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны