19.06.2023, 18:32 20696

Смайылов Төтенше жағдайлар министріне Астана маңындағы өртті жоюға қатысты қосымша шаралар қабылдауды тапсырды

Смайылов Төтенше жағдайлар министріне Астана маңындағы өртті жоюға қатысты қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың Астана маңындағы қураған қамыстың тұтануынан басталған өртті сөндіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратын тыңдады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметінен.

ТЖМ басшысының айтуынша, Талдыкөл жақтағы сортаң жерде шамамен 15 га алқапта қамыс пен қураған ағаштар жанып жатыр.

Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өртті сөндіруге 158 адам және 33 техника жұмылдырылды.

Оны сөндіру жел екпінінің қаттылығы, батпақ жерлер, сондай-ақ техника өтетін жолдардың болмауы себебінен қиынға соғуда.

Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министріне арнайы күштер мен техника жұмылдыру жұмыстарын күшейтіп, тілсіз жауды ауыздықтау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны