04.09.2023, 17:42 22911

Түркияда отандасымыз жол апатынан қайтыс болды

Аланияда жол апаты болып, соның салдарынан қазақстандық бір отбасы зардап шекті
Сыртқы істер министрлігі Түркияда қазақстандық журналист пен оның 2 жасар қызының қайтыс болғанын растады.

Осы жылдың 3 қыркүйегінде Аланияда жол апаты болып, соның салдарынан қазақстандық бір отбасы зардап шекті. Оқиға орнында 1989 жылы туған әйел мен оның екі жасар қызы көз жұмды. 1986 жылы туған отағасы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр", - деп түсіндірді министрлік.


Ведомствоның мәліметінше, ерлі-зайыптының 9 жасар ұлы қазір ауруханада жатыр, оның денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазақстандық дипломаттар отбасының туыстарымен байланыс орнатты. Оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі", - деп хабарлады СІМ.


Отбасының Түркияға демалуға барған және бүгін елге оралуға тиіс болған.

 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны