07.09.2023, 11:15 20571

Түркиядағы жол апаты: Тағы бір қазақстандық ауруханада көз жұмды

Жол көлік оқиғасынан отандасымыз жансақтау бөліміне түскен болатын
Түркияда жол апатына ұшыраған отбасының отағасы да көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Растаймыз. Ұлдарын туыстары алып кетті, ол Қазақстанда. Осы отбасының үш мүшесінің мүрделерін бүгін Қазақстанға жібереді", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.


Естеріңізге сала кетсек, 4 қыркүйек күні Түркияның Алания қаласында сафари-көлік пен жеңіл автомобильдің соқтығысуы салдарынан журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан мен 2 жасары қызы оқиға орнында қайтыс болды.

Ал отбасының отбағасы жансақтау бөліміне түскен еді. 2014 жылы туған ұлдары да ауруханада болды. Оның денсаулығына аса қауіп төнбеген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны