Тараздағы мектепте шыққан өрттен бас сауғалап, үшінші қабаттан секірген екі қыздың омыртқалары сынған
Жарылыс үш күн бұрын қаладағы №44 мектептегі кабинетте болған
Таразда күрделі жөндеуге жабылған мектептің бірінде өрт шығып, жеті жұмысшы жарақат алды. Бет қаратпас жалыннан жан сауғаламақ болған екеуі үшінші қабаттан секіріп кеткен. Оқыс оқиға болғалы бірнеше күн өтсе де, жансақтау бөлімінде жатқан бойжеткендерге ота жасалмаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Таразда күрделі жөндеуге жабылған мектептің бірінде өрт шығып, жеті жұмысшы жарақат алды. Бет қаратпас жалыннан жан сауғаламақ болған екеуі үшінші қабаттан секіріп кеткен. Оқыс оқиға болғалы бірнеше күн өтсе де, жансақтау бөлімінде жатқан бойжеткендерге ота жасалмапты.
Тіпті облыс әкімінің Астанадан арнайы білікті дәрігер шақыртамыз дегені де өтірік болып шықты" дейді жәбірленушілердің жақындары.
Жарылыс үш күн бұрын қаладағы №44 мектептегі кабинетте болған. Құрылысшылардың сөзінше, еден сырлайтын бояу банкаларының бетін ашқан бетте, қызыл жалын лап ете қалады. Соның салдарынан 7жеті бірдей жұмысшы зардап шеккен. Ал қатты қорыққан 21 және 23 жастағы қыздар терезеден секіріп кетеді.
Үш айдан бері жөндеу жүріп жатқан мектептегі жарылыс түнгі сағат бір шамасында болған. Қызыл жалынның қатты болғаны сонша, физика кабинетіндегі есік-терезенің бәрін қираған.
Сол түні сыныпта болған 10 құрылысшының жетеуі ауруханаға түскен. Жеңіл жарақат алған үш жұмысшы үйіне қайтарылса, күйік шалған екеуі әлі емделіп жатыр. Ал үшінші қабаттан қарғып кеткен қос қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.
Қабырғалары, омыртқасы, бір аяғы сынған. Қазір оны жылжытып Астанаға салып жіберуге болмайды. Сол жақтың мамандары осында келіп ота жасайды", - Тараз №1 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.