06.07.2022, 16:05 21496

Теңіз кен орнында жарылыс болды, қаза тапқандар бар

Теңіз кен орнында жарылыс болды, қаза тапқандар бар
Сурет: бейнеден кадр
АТЫРАУ. 6 ШІЛДЕ - Атырау облысында орналасқан Теңіз кен орнында жарылыс болды. Жарылыстан екі адам қаза тапты. Ал, үш адам әртүрлі дене жарақатын алған. 
 
Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 
 
Теңіз кен орнындағы жарылыс бүгін, 6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 09:55 шамасында болған. 
 
Кен орнындағы атмосфералық газы бар құбырда гидротест жүргізілген. Қысымға төтеп бере алмаған құбыр жарылып кеткен. 
 
Жарылыстың салдарынан оқиға орнында екі жұмысшы көз жұмды. Ал, үш адам әртүрлі дене жарақатын алып, медицина қызметкерлеріне жүгінген. 
 

Жылыой ауданында орналасқан Теңіз қалашығында құбыр жарылып, соның салдарынан 1985 жылы туған екі қызметкер қайтыс болды. Үш адам жарақаттанды. Зардап шеккен 3 қызметкерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

 
Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 156-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. 
 
Кен орнындағы жарылысқа байланысты атмофералық газы бар құбырда гидротест жүргізу жұмыстары толығымен тоқтатылды. Тиісті органдар техникалық қауіпсіздік талабының сақталуына байланысты тексеруді бастады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны