27.01.2023, 11:36 38561

ҚТЖ Шымкент филиалының басшысы жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша "Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары ұсталып, қамауға алынды
ҚТЖ Шымкент филиалының басшысы жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді
Сурет: Depositphotos
Шымкент. 27 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Шымкент филиалының басшысы пара алғаны үшін әшкереленді, деп хабарлады Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Ерғарин.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Шымкент филиалының басшысына және оның қарамағындағы бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Олар поездарды қабылдаушы, кассир, вагондарды тексеруші-жөндеуші және т.б. лауазымдарға жұмысқа орналасу үшін жүйелі түрде пара бергені және алғаны үшін әшкереленген, деді Ерғарин.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

27.01.2023, 11.55 толықтырылды

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазпошта" АҚ ішкі қауіпсіздік қызметінің көмегімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша "Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасарын ұстап, қамауға алды.

Ол мердігер ұйым өкілінен орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 000 000 теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды", - деді ведомствода.


Бұған дейін Таразда студенттерден пара алған ЖОО оқытушысы ұсталғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны