29.08.2023, 19:20 29806

Қытайда бір тәулікте 3 рет жер сілкінді

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 606 км қашықтықта Қытай аумағында болған
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі 29 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 15:30-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 606 км қашықтықта Қытай аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық класы 11.0. Магнитудасы 4.9. MPV. Эпицентрінің бағыты 41.31° с.е. 83.79° ш.б. жатыр. Тереңдігі 15 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ", - делінген хабарламада.


Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық сейсмологтар Алматыдан оңтүстікке қарай 426 км қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді. Сондай-ақ, таңертең Қытай аумағында 4.7. MPV магнитудалы зілзала болған еді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны