10.07.2023, 18:14 23646

Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі ер бала суға батып кетті

Сот-медициналық сараптама тағайындалды
2023 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00 шамасында Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін тауып, алып шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ойнап жүріп, суға құлап, батып кеткені анықталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Құрметті ересек адамдар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, оларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіздер, деп ескертеді мекеменің хабарламасында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны