03.07.2023, 15:37 16201

Жапонияда қатты нөсерден 37 метрлік көпір қирады

Кумамото префектурасының Ямато және Машики кенттерінде жауын мөлшері сағатына 82 мм және 80 мм жетті
3 шілдеде Жапонияның оңтүстік-батысында қатты нөсерден көпір қирады. Кумамото қаласының 360 мың тұрғыны эвакуация туралы хабарлама алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo-ға сілтеме жасай отырып мәлім етті.

Жапония метеорологиялық агенттігі қатты нөсер мен найзағай сейсенбіге дейін жалғасатыны туралы ескертті және тұрғындарды ықтимал көшкін мен сырғымаға байланысты абай болуға шақырды.

Кумамото префектурасының Ямато және Машики кенттерінде жауын мөлшері сағатына 82 мм және 80 мм жетті. Бұл шілдеде осы аймақ үшін рекордты көрсеткіш.

Жергілікті биліктің айтуынша, қатты жаңбырдан Ямато кенті арқылы ағып өтетін шағын өзеннің үстіндегі 37 метрлік бетон көпір опырылып түскен. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны