14.07.2023, 21:00 21806

Жезқазған ЖЭО-да апат орын алды

Станцияның жұмысы бір сағаттан кейін қалпына келтірілді
Жезқазған ЖЭО-да апат орын алды
Сурет: Gov.kz
Кеше, 2023 жылғы 13 шілдеде сағат 21:12-де қолайсыз ауа-райы жағдайында Ақадыр-Жезқазған 500 кВ электр беру желісі ажыратылды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Электр желісінің параметрлерінің өзгеруі Жезқазған ЖЭО-ның №7 және 11 қазандықтарының шаң қоректендіргіш қозғалтқыштарындағы жиілік түрлендіргіштерінің ажыратылуынан олардың сөнуіне әкелді. Будың болмауына байланысты №4, 7 турбиналар тоқтатылды, бұл генерацияның толық төмендеуіне әкелді.

Станцияның жұмыс режимін қалпына келтіру бір сағаттан кейін сағ.22:20-да басталды.

Технологиялық бұзушылық фактісі бойынша жан-жақты тергеу жүргізу мақсатында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің комиссиясы құрылды.

Бұл Жезқазған ЖЭО-ның толық тоқтауы бірінші рет емес екенін атап өтеміз. 19 маусым сағат 12:45-те өзінің электр қажеттіліктерін жоғалту салдарынан станция генерациясы 129-дан 0 МВт-қа дейін төмендеген.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде "Қазақмыс Энерджи" ЖШС-ның басшылығына Жезқазған ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды.

Қазақмыс Энерджи" ЖШС-ның қауіпсіз жұмыс мәселесі бойынша арнайы кеңес 2023 жылғы 17 шілде дүйсенбі күні Министрлікте өткізіледі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны