09.01.2024, 19:40 35726

АҚШ мемлекеттік хатшысы Израильде келіссөз жүргізіп жатыр

АҚШ пен Таяу Шығыс елдері Израильді Газа секторындағы соғыс қимылдарының қарқынын бәсеңдетуге шақырды
Энтони Блинкен Иордания, Қатар мен Сауд Арабиясындағы келіссөздерден кейін араб көшбасшыларының Газа секторын қалпына келтіру және ұзақмерзімді бейбітшілік орнату туралы ұсынысымен Тель-Авивке келді, деп хабарлайды Kazinform Euronews-ке сілтеме жасай отырып.

АҚШ пен Таяу Шығыс елдері Израильді Газа секторындағы соғыс қимылдарының қарқынын бәсеңдетуге шақырды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Иордания, Қатар мен Сауд Арабиясындағы келіссөздерден кейін араб көшбасшыларының Газа секторын қалпына келтіру және ұзақмерзімді бейбітшілік орнату ұсынысымен Тель-Авивке келді.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш Нью-Йоркте Газа секторын қайта құру мәселесі бойынша БҰҰ аға үйлестірушісі Сигрид Кагпен кездесу өткізді. Каг бұл қызметке желтоқсанның соңында тағайындалды. Ол палестиналық анклавқа гуманитарлық көмек жеткізуге жәрдем етеді.

ЮНИСЕФ хабарлауынша, Газа секторындағы миллиондаған баланың өміріне аштық пен ауру қаупі төніп тұр. Балалар өлімі қаупі артып жатыр. 155 мың жүкті әйел де қиын жағдайда қалды.

Біз жоспарлы екпе жасау үшін 600 000 вакцина алдық. Ол балалардың өмірі мен амандығы үшін аса маңызды. Бомбалаудан аман қалған балалар екпе алмағаннан қайтыс болғанын қаламаймыз, - деді ЮНИСЕФ өкілі Маулид Варфа.


Израильдің Газа секторына соққылары салдарынан 7 қазаннан бері 20 258 адам мерт болды, тағы 53 688-і жарақат алғанын жазған едік.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны