15.01.2025, 14:13 64341
Президент Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті
Достарға айту
Президент Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды, сондай-ақ көлік-логистика саласында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесі қарастырылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Abu Dhabi Ports компаниясының бірқатар ірі нысан құрылысына қатысты жоспарына қолдау көрсетіп, бұл бастамалар Қазақстанның Каспий теңізіндегі айлақ және теңіз инфрақұрылымын дамыту жөніндегі стратегиялық мүддесіне сай келетінін атап өтті.
Мемлекет басшысы көлік инфрақұрылымы мен тасымал дәліздерін дамыту еліміздің орнықты экономикалық өсімін қамтамасыз етуде және халықаралық сауданы жандандыруда ерекше рөл атқаратынын жеткізді.
Мұхаммед Әл-Шамиси бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ Президентке "Самұрық-Қазына" қорымен және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясымен тиімді серіктестік орнатқаны туралы мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Әл-Шамиси бірлескен жобалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.03.2025, 15:51 3231
Қазақстан СІМ басшысы мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.
Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, бірқатар маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 15:17 5906
Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізді. Президент мейманға ілтипат білдіре отырып, сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі нығайту тұрғысынан бұл кездесудің маңызын атап өтті.
Сіздің сапарыңыздың бауырлас Әзербайжан елімен ынтымақтастығымызды одан әрі ілгерілету тұрғысынан мәні зор. Біз үшін Әзербайжанмен қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Біз Сіздің еліңізді сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастырамыз", - деді Президент.
Өз кезегінде Әзербайжанның Сыртқы істер министрі дәстүрлі түрде қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Джейхун Байрамов орайлы сәтті пайдалана отырып, әзербайжандық әуе желісіне тиесілі ұшақтың Ақтаудағы апаты кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстан тарапына Президент Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқының атынан алғыс айтты.
Кездесуде ауқымды стратегиялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін тарту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар сауда, инвестиция, цифрландыру, көлік-транзит салаларындағы өзара ықпалдастықты одан әрі жандандыру перспективасы қарастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2025, 09:44 13851
Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ Орнықты даму орталығы құрылады
Достарға айту
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Бұл - еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі.
Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктес мемлекеттерге ризашылық білдірді.
Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 16:18 20116
Тоқаев Болгария басшысын азаттық күнімен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Болгария Президентін Азат ету күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының Президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 15:21 32801
Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IАСА) президенті Памела Харристі қабылдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IАСА) президенті Памела Харристі қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Памела Харриске ілтипат білдіріп, жауапты қызметке сайлануымен құттықтады. Сонымен қатар оның тәжірибесі Ұйым қызметіне тың серпін беретініне сенім білдірді.
Президент құқықтық мемлекет құруда заң үстемдігін қамтамасыз ету мен сот жүйесін реформалаудың шешуші мәнге ие екенін атап өтті.
Біз "Заң және тәртіп" қағидатын орнықтыруға бағытталған өте маңызды реформаларды қолға алдық. Заң үстемдігі қоғамға дендеп енуге тиіс деп санаймыз. Менің ойымша, бұл еліміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуі үшін өте өзекті. Сондықтан Халықаралық қауымдастық Қазақстанмен, еліміздің сот жүйесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек", - деді Мемлекет басшысы.
Памела Харрис елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларды жоғары бағалап, ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін жеткізді. IАСА президентінің айтуынша, Сот әкімшілігі мен Жоғарғы соттың функцияларын бөлу әлемдік тәжірибедегі анағұрлым тиімді шешімдердің бірі. Ол Ұйымның Қазақстанмен байланысты нығайтуды көздейтініне тоқталып, ұлттық сот әкімшілігі өкілдерінің Қауымдастық жұмысына белсенді қатысқанын айтты.
Кездесуде сот төрелігі жүйесін реформалаудың негізгі аспектілері қарастырылды. Бұдан бөлек, сот органдары арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейтуге, сот өндірісінде цифрлық шешімдерді және жасанды интеллектіні қолдану перспективасына баса назар аударылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.02.2025, 15:33 36466
Тоқаев премьер-министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Үкімет қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде баяндалды.
Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды. Сондай-ақ Премьер-Министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнесті дамыту және жеке инвестиция тарту үшін басқарудың заманауи цифрлық тәсілдерін енгізу бағытындағы Үкімет жұмысы жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу соңында Президент Премьер-Министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты міндеттерді іске асыру мақсатында жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.02.2025, 15:08 42476
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.
Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.02.2025, 19:17 48656
Президент Сауд Арабиясы Корольдігіне құттықтау жеделхаттарын жолдады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудты және осы елдің Тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салманды Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы жеделхаттарда халықаралық қауымдастық Сауд Арабиясын экономикасы қарқынды дамыған, іргесі берік, беделді мемлекет ретінде танитынын жазған. Сондай-ақ Корольдік Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамуына серпін беретініне сенім білдірді.
Қазақстан Президенті Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагерінің жауапты қызметтеріне толағай табыс, халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.03.2025, 15:06Қазақстанда лифттерді ауыстыру үшін тұрғындарға бюджеттік кредиттер беріледі 13.03.2025, 10:14 8816Жамбыл облысында 76 каналды реконструкциялау және 3 су қоймасының құрылысы басталады13.03.2025, 17:25 7416ЖИ бизнеске салық есебін дербес әрі онлайн жүргізуге көмектеседі13.03.2025, 17:31 7076Тоқаев Presight.AI басшысымен суперкомпьютер мен Smart City құру мәселесін талқылады13.03.2025, 17:38 6866Бектенов су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді
07.03.2025, 16:20 134271Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда07.03.2025, 16:15 117811Жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді07.03.2025, 09:29 107691Әйелдер Skills Enbek платформасында кәсіби онлайн-оқытудан белсенді өтуде - Еңбек министрлігі07.03.2025, 16:10 106391"Инвестициялық керуен" акциясы бастау алды07.03.2025, 16:12 106386Бас Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша Жоғарғы Сот ақтау үкімнің күшін жойды
13.02.2025, 08:03 270251ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 261371Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 207956Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 169466Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 167966Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады