26.08.2024, 19:10 27836
Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Президенттер сауда-экономика және энергетика салаларында бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толықтай жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ Владимир Путиннің Астанаға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындықтың сапалы болуын қамтамасыз етуге келісті.
Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Ресей Президентіне ризашылығын білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.07.2025, 13:24 11541
Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Қытайға сапары аясында Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Сұхбаттастар елдер арасындағы саяси диалогтың оң серпінін атап өтті. Ерекше назар Қазақстан мен Қытай көшбасшылары арасындағы кездесулер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлердегі алдағы іс-шаралар кестесіне аударылды.
Ағымдағы жылы Астанада мемлекеттер басшыларының дәстүрлі түрде ашық әрі сенімді сипатта өткен келіссөздерінің қорытындысы бойынша жаңа өршіл мақсаттар қойылып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыты айқындалды. Ендігі ортақ міндетіміз - қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы іске асыру үшін бар күшімізді салу", - деді М.Нұртілеу.
Сонымен қатар сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және транзиттік-көліктік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және "Орталық Азия - Қытай" форматы сияқты көпжақты құрылымдар аясындағы тығыз үйлестіру мен өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 10:06 11791
Қазақстан СІМ басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отырыс барысында қазіргі халықаралық жағдайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси үйлестіруін тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасу өтіп, ағымдағы жылғы қыркүйекте Тяньцзинь қаласында өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық барысы талқыланды.
Өз сөзінде Қазақстан СІМ басшысы орнықты даму мүддесі үшін Ұйымның өзара тиімді серіктестікті қалыптастыру және ШЫҰ кеңістігін бейбітшілік пен өркендеу өңіріне айналдыру әлеуетіне сенім білдірді. "ШЫҰ - тең құқықты ынтымақтастықтың бірегей моделіне негізделген көпжақты институт ретінде өз беделі мен тиімділігін нығайта береді деп сенемін", - деді М.Нұртілеу.
Қазақстан Сыртқы істер министрі 2024 жылғы шілдеде өткен Астана саммитінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруда Қытай тарапы жүргізіп жатқан жүйелі жұмысты жоғары бағалады. Ол Ұйым қызметін жетілдіру және оның институционалдық дамуын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сапар аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволар басшыларының Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірлескен кездесуі өтті.
Кездесу барысында сенімге, теңдікке және өзара құрметке негізделген диалогты дамыту мен практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділік расталды. Қатысушылар өңірлік тұрақтылықты, қауіпсіздікті және орнықты дамуды қамтамасыз ету мүддесінде көпжақты серіктестікті тереңдетуге басымдықты қуаттады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.07.2025, 10:49 17541
Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті.
Қазақстан Президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2025, 15:47 32431
Тоқаев пен Молдова СІМ басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады
Президент Молдова Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Михай Попшойды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында қазақ-молдован байланыстарын дамыту перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Молдова елшілігінің ашылуы екі елдің өзара достық қарым-қатынас пен сан қырлы серіктестікті нығайтуға ұмтылысын көрсететін айтулы оқиға екенін айтты.
Өз кезегінде Михай Попшой Мемлекет басшысымен бірге барша қазақстандық дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қазіргі халықаралық жағдайда дипломатияның ерекше рөл атқаратынына тоқталды.
Әңгімелесу барысында өзара мүддеге сай келетін түрлі салада экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы қарастырылды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Молдова Президенті Майя Сандуға ыстық ықыласын жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.07.2025, 14:40 36606
Қазақстан ШЫҰ рөлін нығайтуға ерекше мән береді - Тоқаев
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ-ның тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді.
Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты.
Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.06.2025, 12:01 39876
Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары саяси және экономикалық салалардағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Шолпан-Ата қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қарсаңында кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар саяси және экономикалық салалардағы, транзиттік-көліктік және энергетикалық бағыттағы қазақ-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылын талқылады.
Сұхбаттастар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2025, 18:12 47526
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2026 жылы Қазақстанда өтеді
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жиында Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және логистика, аграрлық сектор, цифрландыру және жасанды интеллект секілді басты бағыттар бойынша өзара тиімді ықпалдастық перспективасы қарастырылды.
Отырыста Иран Президенті Масуд Пезешкиан (бейнеүндеу форматында), Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Моңғолия Премьер-министрінің бірінші орынбасары Учрал Ням-Осорын сөз сөйледі.
Жиын соңында бірқатар құжатқа, соның ішінде Моңғолиямен сауда келісіміне және Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылды.
Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.06.2025, 19:20 50401
Президент Минск қаласына келді
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Минскіге келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысу үшін Минск қаласына келді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.07.2025, 10:19Тараз қаласы прокуратурасының шараларымен кәсіпкердің құқығы қорғалды 22.07.2025, 10:26 156712025 жылдың басынан бері жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен 5 млн астам қазақстандық қамтылған22.07.2025, 11:31 14591Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын айқындады22.07.2025, 09:44 14271ШҚО диқандары суару маусымының басынан бері 24 млн текше метрден астам су алды22.07.2025, 11:47 13776ҰҒОО Тяньцзинь онкологиялық институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
18.07.2025, 13:19 87046Қазақстанда жасанды интеллект құралдары мемлекеттік органдардың қызметіне енгізілуде18.07.2025, 14:12 86626Қазақстандық су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды18.07.2025, 18:47 823262025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар шамамен 304 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды18.07.2025, 18:44 82006Қазақстанда суды тазартуға арналған мембраналардың отандық өндірісі құрылды18.07.2025, 18:40 81831Қазақстан президенті жаңа Салық кодексіне қол қойды
04.07.2025, 19:14 139856Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 139691Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 137041"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 130576Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 128976Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді