02.10.2024, 17:14 686

ҚР Израильдегі Елшілігі Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді сұрайды

ҚР Израильдегі Елшілігі Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді сұрайды
ҚР Израильдегі Елшілігі Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді сұрайды, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметінен.

Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды.

Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері:

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)

+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)

+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)

+7 700 111 31 96 (WhatsApp)
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны