26.02.2025, 15:33 676

Тоқаев премьер-министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Үкімет қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде баяндалды.

Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды. Сондай-ақ Премьер-Министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнесті дамыту және жеке инвестиция тарту үшін басқарудың заманауи цифрлық тәсілдерін енгізу бағытындағы Үкімет жұмысы жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу соңында Президент Премьер-Министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты міндеттерді іске асыру мақсатында жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны