26.02.2025, 15:22 4076

Мұнай-газ саласында барлау және өндіру бағыты бойынша біліктілік пен стандарттарды өзектендіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) алаңында мұнай-газ саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін (СБШ) және кәсіби стандарттарды (КС) өзектендіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.


Отырыс Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне қарасты мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салалары бойынша кәсіби біліктілік жөніндегі салалық кеңес аясында "Мұнай және газ барлау мен өндіру" бағыты бойынша ұйымдастырылды.

Жұмыс тобының отырысына ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ Ұлттық кәсіби біліктілік органының өкілдері, сондай-ақ ҚМГ-нің еншілес және тәуелді ұйымдарының және "Теңізшевройл" ЖШС, "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.", "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." және басқа да ірі мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.

Отырыс ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауовтың кіріспе сөзімен ашылды. Ол талқыланатын мәселелердің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстандағы мұнай-газ саласына арналған салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттар еңбек сапасын, қауіпсіздікті, білім беру деңгейін арттыруға және қызметкерлер мен тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды құрал болып табылады.

Салалық кеңестің төрайымы, "Kazenergy" қауымдастығының Атқарушы директоры Ляззат Жексенбайқызы Ахмурзина 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарларды таныстырды. Оның ішінде 15 кәсіби стандартты өзектендіру, 9 кәсіби стандарт пен СБШ шеңберінде 20 кәсіптік карта әзірлеу жұмыстары қарастырылған. Сонымен қатар, СБШ-ның жалпы ережелеріне "Жұмыс түрлерінің мысалдары" бөлімін енгізу және кейіннен бұл өзгерістерді кәсіби стандарттарға енгізу мәселелері талқыланды.

Энергетика вице-министрі Алибек Жамауов кәсіби стандарттардың кадрлық әлеуетті дамытудағы маңыздылығын атап өтті. Ол Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес, жұмыстың күрделілігі мен жауапкершілігі, сондай-ақ қызметкерлер мен жұмысшылардың біліктілігі ең алдымен кәсіби стандарттар негізінде белгіленетінін айтты.

Кездесудің негізгі мақсаты - енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша бірыңғай ұстаным қалыптастыру, 2025 жылға жоспарланған кәсіби стандарттарды өзектендіру және бекіту.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны