Алматыда күнделікті өмірдің негізгі салаларында цифрлық қызметтердің қолжетімділігі қамтамасыз етілген
АТ парктерінің Creative Valley-мен (Франция) әдіснамасын дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді. Алматыда 2020 жылы ҚБТУ базасында ірі урбанизацияланған жүйелерге арналған инновациялық шешімдер бағдарламасы бойынша Smart City зертханасы ашылды. Өткен жылдың мамыр айында жоба қорғалып, GPS арқылы мобильді пайдаланушылардың белсенділігін бақылау бойынша Habidatum агрегаторы компаниясымен өзара әрекет орнату бойынша Халықаралық қаржы орталығы арқылы грант алынды. Алматы қаласының Зияткерлік көлік жүйесін құру бойынша Дүниежүзілік банктен 2022 жылға дейін құны 300 000 доллар болатын гранттық жоба бекітілді", - деп атап өтті Баян Қоңырбаев.
тақырып бойынша жаңалықтар
Тамара Дүйсенова Қызылорда облысындағы білім және спорт саласы қызметкерлерімен кездесті
Қаржы орталығы" АҚ басшысы Асқар Ибраимовтің мәлімдеуінше, ваучерлік қаржыландыру жүйесі Таразда сынақтан сәтті өтіп, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатыр. Таразда аталған ваучерлер 1,5 жастағы балаларға берілсе, ал Шыментте балабақша кезегі толығымен жаңарған. Келесі жылы бұл жүйе еліміздің барлық өңірінде енгізілмек.
Халықаралық стандарт енгізу колледжіміз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып отыр. Түлек қолындағы бұл сертификат әлемнің 70 елінде мойындалған. Демек оқу бітірген студенттің жұмысқа орналасуы жеңілдейді. Жалпы елдегі колледждер трансформациясы аясындағы жұмыстар техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қолдауына ие болып отыр", - дейді колледж директоры Абайбек Жүнісов.
Балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін 20 жыл бойы білім беру жүйесінде тәрбиеленеді. Біздің мақсат азаматтар үшін тұлғалық қасиеттерді дамытатын көпдеңгейлі, бірізді жүйе құру. Бұл ретте балабақша, мектеп, колледж, университет ұстаздарына артылар жауапкершілік жоғары", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент №1 Хромтау орта мектебін аралап көрді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Шағын жинақталған мектептерде оқытудың жаңа моделі енгізіледі
Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты PISA халықаралық зерттеулері айқындап отыр. Дегенмен PISA-2018 нәтижелерімен салыстырғанда, 2022 жылғы математика және жаратылыстану бойынша сауаттылық айырмашылығының көрсеткіші 4-5 баллға дейін қысқарды, ал оқу сауаттылығы өзгеріссіз қалуда", - деп мәлімдеді министр.
Жоба аясында тірек мектептерінің материалдық - техникалық базасы толығымен жаңартылып, шағын жинақты мектептер пәндік және цифрлық кабинеттермен жабдықталды. Мектептер жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтамасыз етілді. Жобаға қатысқан мектеп басшылары мен педагогтері цифрлық құзыреттілік пен кәсіби дамуға бағытталған арнайы курстардан өтті", - деді Ғани Бейсембаев.
Жоба аясында жүргізілген кешенді жұмыстар шағын жинақты мектептердегі білім сапасының артуына ықпал етті. Ол 6,8 және 10 сыныптардағы оқу үлгерімінің нәтижесімен расталды. Апробациядан өткен оқытудың 4 моделінің ішінде "Тірек мектебі - шағын жинақты мектеп" моделі тиімділігін көрсетті", - деп мәлімдеді министр.
Енді әкімдіктер стратегия негізінде жобаны кеңейту жұмыстарын кезең кезеңімен іске асыруды қамтамасыз етуі қажет. Биыл жобаға Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 10 тірек және 30 шағын жинақты мектеп тартылуда. 2025 жылдың қаңтарынан бастап жобаға 17 өңірдің 192 тірек және 759 шағын жинақты мектебі қатысады. Ал үшінші кезеңде осы жобаға қалған шағын жинақты мектептердің барлығы толығымен қамтылуы тиіс. Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдардың ауыл мектептерінің әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстарын жүйелі үйлестіре отырып, тиімді жүзеге асырылуын үздіксіз қадағалайтын болады", - деп түйіндеді баяндамасын Ғани Бейсембаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы аясында НЗМ қолдауымен 135 өңірлік білім беру ұйымдары қамтылды
Smartview Innovation" ЖШС стартапы пайдалы қазбаларды өндіру тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа технология жұмыс күшін 90%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, қызметкерлердің қауіпсіздік шараларын 80%-ға, аппаратшылардың жұмыс тиімділігін 50%-ға арттырады. Премьер-министрге қазіргі уақытта пилоттық жоба Түркістан облысында Central Asia Mining Co-мен бірге жүзеге асырылып жатқаны, қосымша серіктес іздестірілуде екені айтылды. Стартапты Ресей, Канада, Австралия және АҚШ сияқты халықаралық нарықтарға кеңейту жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында университеттердің экономиканың нақты секторымен байланысын күшейту қажеттігін атап өтті. Біз танысқан ғылыми әзірлемелердің табысты бизнес-жобаларға айналу перспективалары зор. Біз үшін инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үндестіру маңызды. Біз ғылыми-зерттеу жобаларын ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, олардың коммерциялануына ықпал етуіміз керек. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтуға және жоғары технологиялық салалардың дамуына серпін береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Еуразия" кинофестивалінде "Алдар көсе" фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі
Бұл жыл біз үшін ерекше маңызға ие. "Еуразия" кинофестивалі ұзақ үзілістен кейін қайта жанданып, жаңа белеске қадам басып отыр. Сонымен қатар, біз биыл Шәкен Аймановтың мәдени мұрасын дәріптеп, қазақ киносының байлығын әлемге танытуды көздейміз. Оның фильмдері көптеген буындарға шабыт берді. "Қазақфильм" киностудиясының қайта жаңғыруы да осыны айқындай түседі", - деді Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы президентінің міндетін атқарушы, фестиваль директоры Айдар Омаров.
Фестиваль тек байқаулық көрсетілімдермен шектелмейді. Байқаудан тыс бағдарламалар, шеберлік сабақтары, премьералар және киноиндустрия мамандары үшін ерекше тәжірибе мен білім алмасу мүмкіндігін беретін іскерлік алаңдар ұйымдастырылады. Барлық іс-шаралар Алматының заманауи кинотеатрларының бірі - Kinopark 11 IMAX Esentai-де өтеді, ал іскерлік кездесулер Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткізіледі", - деп атап өтті кинофестивальдің іскерлік алаңының жетекшісі Кәрім Қадырбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде ірі кәсіпорындар 11 ғылыми-техникалық жобаны қаржыландырады
Бүгінгі таңда тау-кен металлургия саласының алпауыт кәсіпорындарымен ірі 6 хакатон өткізілді. 30-ға жуық ғылыми-зерттеу институты мен жоғары оқу орындарынан 200-дей ғалым қатысты. Нәтижесінде, шамамен 80 ғылыми-техникалық тапсырма тұжырымдалды. Комиссия отырысына нақты 11 жобаны шығарамыз. Осылайша, биыл жалпы ғылыми-техникалық тапсырмалардың 10%-ы ірі кәсіпорындармен нақты жұмыс нәтижесіне негізделген. Президент жанындағы жаңартылған Ұлттық Ғылым академиясының жұмысқа қосылуы өте маңызды. Ғылыми-техникалық тапсырманы талдау мен сараптауды Ғылым академиясы да жүргізеді. Бұл тапсырмалардың барлығы да өте қатаң іріктеуден өтті", - деп мәлімдеді Саясат Нұрбек.
Қазақмыс" 4 жобаны: кеніш суларын өндірісте, ауыл шаруашылығында пайдалану мақсатында тазарту; металлургия қождарын өңдеудің инновациялық және экологиялық қауіпсіз әдістерін әзірлеу; мыс кендерінен бос алтын мен құрамында алтын бар минералдар өндіруді арттыру; ЖИ технологияларын пайдалана отырып, кенді байыту үдерісін автоматтандыру және оңтайландыру жобаларын қаржыландырады.
Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ бірлесіп іске асыру үшін: уранды алу және жерасты ұңғымаларын шаймалау тиімділігін арттырудың экологиялық тұрақты әдістерін әзірлеу бойынша 2 жоба іріктелді.
Мемлекет басшысы қолданбалы ғылымды дамытудың және жоғары оқу орындарының экономиканың нақты секторымен тығыз жұмыс істеуінің маңыздылығын бірнеше рет атап көрсетті. Біз практикалық мәселелерді шешіп, салалардың өнімділігін және экономиканың тиімділігін арттыратын нақты шешімдерді ұсынуымыз керек. Бұл жұмыс істеуіміз қажет негізгі бағыттар. Ірі кәсіпорындардың негізгі жобаларына байланыстыра отырып, шағын және орта бизнестің ғылыми-инновациялық қызметін қолдау қажет. Бірқатар ірі кәсіпорындар осындай ынтымақтастық түріне қызығушылық танытып, Ғылым министрлігімен бірлесе отырып, ғылыми-техникалық тапсырмаларды әзірлеу бойынша сапалы жұмыс жүргізді. Біз ғылыми зерттеулерді қолданудың практикалық нәтижелерін көруіміз керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Орталық-өңір-кәсіпорын" жүйесінде ғылыми-технологиялық саясатты реттеу тетіктерін әзірлеу, өңірлерді дамыту жоспарларында ғылым бойынша тиісті индикаторды көздеу тапсырылды. Бұл өңірлердің экономикасын дамытуға жаңа серпін береді. Үкімет басшысы бизнес өкілдерінің шетелдік институттарды тарта отырып іске асырылып жатқан жобалар аясында қазақстандық ғалымдармен өзара іс-қимылды кеңейтуге назар аударды. Тәжірибе алмасу отандық ғылым саласын одан әрі дамыту үшін маңызды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматының Алатау ауданында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
2025 жылы біз денешынықтыру-сауықтыру кешенін толықтыратын, оны жабық үй - жайлармен ғана емес, спортпен айналысуға арналған ашық алаңмен де қамтамасыз ететін заманауи футбол алаңын саламыз", - деді Ерболат Досаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.12.2024, 11:4212,1 млн га пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлер 2022 жылдан бастап мемлекетке қайтарылды 19.12.2024, 10:52 5596Қазақстан 2025 жылға арналған ОПЕК+ келісіміне адалдығын растайды19.12.2024, 11:02 5306Қазақстанда 11 айда мұнай өндіру 80,5 млн тоннаны құрады19.12.2024, 11:16 5076Астанада Euronews-тің өңірлік кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті19.12.2024, 11:18 4841Қазақстанда Венчурлық инвестициялар қорлары қоры құрылады
12.12.2024, 17:30 109566Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 109396Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды13.12.2024, 19:00 100766Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 100611Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады13.12.2024, 14:41 100531Қазақстан мен Марокко қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жасады
22.11.2024, 14:04 138331Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 138106Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 112656Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді12.12.2024, 17:30 109566Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 109396Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды