04.10.2022, 16:19 63916

Қазақстанда салынып жатқан объектілерге бірегей нөмірлер берілетін болады

Қазақстанда салынып жатқан объектілерге бірегей нөмірлер берілетін болады
АСТАНА. 4 ҚАЗАН - Қазақстанда мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған жүйесі енгізілуде, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
ИИДМ басшысының хабарлауынша, кадастрда қала құрылысы жобалары мен инженерлік желілер бойынша барлық деректер орналастырылатын болады.
 

Бұл жүйе цифрлық бас жоспарларды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы, инженерлік инфрақұрылым, көше-жол желісі, сондай-ақ абаттандыру туралы деректерді жинауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді. Жүйенің негізгі міндеттері: қала құрылысы кадастры деректерін толтыру және өзектендіру; халықпен бизнесті инженерлік желілер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету; инфрақұрылымдық деректерді цифрландыру есебінен техникалық шарттарды алудың ашық процесін қалыптастыру", - деді Өскенбаев.

 
Сондай-ақ, ведомство объектінің бірегей нөмірін енгізуді пысықтауда.
 

Бұл біріздендіру, жеке сәйкестендіру нөмірмен ұқсастығы бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруді, адами факторды болдырмай, бас жоспарларға және егжей-тегжейлі жобалау жоспарларына сәйкес жүйеде эскиздік жобаны келісуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құжаттардың нысаналы мақсатқа сәйкестігіне түпкілікті тексеруді жүргізуге мүмкіндік береді", - деді Қ. Өскенбаев.

 
Өскенбаевтың айтуынша, аталған шаралар:
 
  • біріншіден, құжаттарды қала құрылысы регламенттерімен түпкілікті тексеру (салыстыру) үшін құрылыс объектілерінің бірегей нөмірлерін енгізуге;
  • екіншіден, бас жоспарлардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының талаптарын орындау және аумақтарды нүктелік тығыз құрылыс салу мәселесін шешуге;
  • үшіншіден, техникалық шарттарды берудің ашықтығын және қуаттарды брондау мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
  • төртіншіден, тұрғын үйді енгізу деректерінің шынайылығын қамтамасыз етуге;
  • бесіншіден, инфрақұрылымға қолжетімділігі бар жер учаскелерінің ашық және жедел берілуін қамтамасыз етуге;
  • алтыншыдан, бірінші кезекте қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, құрылыс объектілерін іске асыру кезеңділігін сақтау жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға толық мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны