19.04.2024, 18:37 53311

Қазақстанда су саласы мамандарын даярлау желісін кеңейту жоспарлануда

Қазақстанда су саласы мамандарын даярлау желісін кеңейту жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі таңда бұл бағытта еліміздің төрт макроөңірі таңдалды. Онда экономика салалары бойынша, оның ішінде су саласының болашақ мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылатын болады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

2024-2025 жылдары "Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану", "Гидротехникалық мелиорация" және "Гидротехникалық құрылыс" және т. б. мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарлануда.

Оңтүстік макроөңірдегі техникалық және кәсіптік білім берудің бас тірек ұйымы ретінде Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжі таңдалды. Мұнда "Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану" мамандығы бойынша кадрлар даярланады. Студенттерге өндірістік практикадан өту мүмкіндігі беріледі, ал арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, өндірістен мамандар тартуды жоспарлап отырмыз", - деді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.


 Айта кетейік, бүгінде еліміздің бес колледжі су саласының мамандарын даярлайды. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі, Мақтаарал аграрлық колледжі, Түлкібас агробизнес және туризм колледжі, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі және Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжінде гидрогеология саласының 300-ге жуық болашақ мамандары оқиды және олардың 90%-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны