17.07.2024, 15:14 54506

Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері белгілі болды

Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері белгілі болды
Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдері анықталды. Тиісті бұйрық ҚР нормативтік құқықтық актілерінің сайтында жарияланды. Бұйырыққа сәйкес, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері 2024 жылғы 1 қыркүйек - 2025 жылғы 25 мамырды қоса алғанда белгіленді. 1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы: 1-тоқсан - 8 оқу аптасы, күзгі демалыс - күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда); 2-тоқсан - 8 оқу аптасы, қысқы демалыс - күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда); 3-тоқсан - 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс - күнтізбелік 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда); 1-сыныптарда қосымша демалыс - күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 10-16 ақпанды қоса алғанда). 4-тоқсан - 8 оқу аптасы. 2. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін: 9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары - 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусым аралығында; 11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары - 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 13 маусым аралығында. 3. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін: 9 (10)-сынып оқушылары үшін: 1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан - 2025 жылғы 29 мамыр; 2) қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) - 2025 жылғы 2 маусым; 3) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) - 2025 жылғы 5 маусым; 4) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан - 2025 жылғы 10 маусым; 11 (12)-сынып оқушылары үшін: 1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан - 2025 жылғы 30 мамыр; 2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан - 2025 жылғы 3 маусым; 3) қазақ тілі/орыс тілі бойынша және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан - 2025 жылғы 6 маусым; 4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) - 2025 жылғы 12 маусым; 5) өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан - 2025 жылғы 13 маусым. 4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны