20.04.2021, 22:39 8651

ШҚО-да қатаң карантин енгізіледі

ӨСКЕМЕН. 20 СӘУІР - Шығыс Қазақстан облысының Бас санитариялық дәрігері өңір аумағында шектеу шараларын күшейту туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY logo
 
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Өскемен қ., Семей қ. және Аягөз ауданы сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерге жатқызылды ("қызыл" аймақ). Осыған байланысты, 2021 жылғы 23 сәуір мен 3 мамыр аралығында көрсетілген өңірлерде шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен қатаң шектеу шаралары енгізіледі.
 

Өскемен қ., Семей қ. және Аягөз ауданы аумағындағы шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері эпидемиологиялық ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін", - делінген құжатта.

 
Санитариялық дәрігер жұмысты қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады:
 
- Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Алматы облысы тарапынан 2 санитариялық бекеттің;
 
- Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Қарағанды облысы тарапынан 1 санитариялық бекеттің;
 
- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына" сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің;
 
- Аягөз ауданында 2 санитариялық бекеттің жұмыс істеуіне қамтамасыз етіледі;
 
Растайтын құжаттарды көрсеткен кезде осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына (-н) және Аягөз ауданының аумағына (-н) келуіне/кетуіне тыйым салынады.
 
Өскемен, Семей қалаларында және Аягөз ауданында объектілердің қызметі "қызыл аймақ" өлшемшарттары бойынша жүзеге асырылатын болады.
 
Мәселен, ғимараттардан тыс азық-түлік, азық-түлік емес базарлар сенбі күні сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі күні жұмыс істемейді; сенбі және жексенбі күндері ғимараттардың ішінде жұмыс істемейді. Азық-түлік емес тауарлармен сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО) жұмыс күндері 21.00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.
 
Қоғамдық тамақтандыру объектілері аптаның барлық күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
 
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезекші топтар 15 адамнан аспайтын топты жинақтау кезінде жұмыс істейді.
 
Сонымен қатар, көрермендермен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. 
 
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны