08.12.2021, 19:26 65860

Қаржы реттеушісі ҚР-дағы кредиттік рақымшылық туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде таратылған кредиттік рақымшылық туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Қаржы реттеушісі ҚР-дағы кредиттік рақымшылық туралы ақпаратты жоққа шығарды
Сурет: zen.yandex.ru
НҰР-СҰЛТАН. 8 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде таратылған кредиттік рақымшылық туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылғы 7 желтоқсанда әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша "кредиттік рақымшылық" жарияланыпты-мыс деген ақпарат таратылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратылған ақпараттың дәйексіздігі туралы мәлімдейді және төмендегіні хабарлайды", - делінген агенттіктің хабарламасында.

 
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта 2007 – 2008 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысынан, сондай-ақ ұлттық валюта бағамының әлсіреуінен барынша зардап шеккен ипотекалық қарыз алушылардың жеке санатына көмек көрсету үшін Агенттік 2015 жылдан Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда.
 

Осыған орай, Бағдарлама талаптары бойынша қаржылық қолдау 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін валюталық ипотекалық қарыз алған қарыз алушыларға көрсетіледі. Бағдарламада белгіленген қаржылай көмек шаралары жалғыз баспанасы бар қарыз алушылар және халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) санатындағы борышкерлер үшін пайыздық мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендетуді көздейді. Қалған валюталық ипотекалық қарыз алушылар үшін пайыздық мөлшерлеме 12%-дан аспайды", - деп нақтылады ведомстводан.

 
Бұдан басқа, Бағдарлама шеңберінде сыйақы, айыпақы (өсімпұл, айыппұлдар) және комиссиялар бойынша мерзімі өткен берешек есептен шығарылды.
 
Валюталық ипотекалық қарыздарға қатысты берешекті Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (1 АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) теңгеге конвертациялау жүргізілді.
 

2020 жылғы қаңтардан бастап Бағдарламаға қатысатын ХӘОТ санатындағы ипотекалық қарыз алушылар үшін қосымша көмек шаралары іске асырылуда. Мұндай қарыз алушыларға қолдауды банктер олардың қаржылық және әлеуметтік жағдайын жан-жақты талдау негізінде жеке тәртіппен көрсетуде, талдау нәтижелерінен кейін банктер қарыз бойынша берешекті төмендету және 20 000 теңге мөлшеріндегі ай сайынғы төлеммен жеңілдік берілген кестелер белгілеу туралы шешім қабылдайды. Қарыз алушылардың бұл санатына қолдау көрсету 2021 жылдың соңына дейін аяқталады", - деп атап өтті Қаржы нарығын реттеу агенттігі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны