27.01.2022, 17:09 40676

ҚР ИИДМ-де қалаларды ретсіз салу мәселелерін қалай шешетіні туралы айтылды

ҚР ИИДМ-де қалаларды ретсіз салу мәселелерін қалай шешетіні туралы айтылды
НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚАҢТАР - Қалалар ретсіз, көбінесе жұртшылықтың пікірін ескермей салынуда, деп мәлімдеді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл мәселені шешу үшін ҚР ИИДМ Қазақстанның урбанистер қауымдастығымен бірлесіп "Берекелі бастама" порталын іске қосады, онда әрбір қазақстандық ел қалаларының инфрақұрылымын жақсарту идеяларын ұсына алады және азаматтардың ең өзекті бастамалары үшін дауыс бере алады, деп хабарлады ведомство басшысы.
 
Оның айтуынша, қалалардың тұрақты өсуі қала кеңістігін қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, қала құрылысы регламенттерін қатаң сақтауды талап етеді. Өкінішке орай, қазір елімізде қалалар ретсіз, көбінесе жұртшылықтың пікірін және қаланың даму перспективаларын ескермей салынуда. 
 

Мысалы, Алматы тұрғындары құмырсқа илеуін көзге елестететін адамдар тым көп тұратын үйлерге, елорда халқы - қоғамдық кеңістік құрмай құрылыстың тығыз салынуына және әлеуметтік объектілерге мұқтаж екендіктеріне шағымданады. Қазір урбанистер мен қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық өзгерістерді жүргізу өте маңызды. Біз әрбір азамат өз қаласын дамытуға қатыса алуы үшін халық пен мемлекет арасындағы диалогқа баса назар аударғымыз келеді. Дәл осы мақсатта Қазақстанның урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, "Берекелі бастама" дауыс беру порталын іске қосамыз", - деп атап өтті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

 
Порталда қаланың әрбір тұрғыны инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар бере алады. Барлық жобаларды урбанистер ғылыми тұрғыдан зерттейді, содан кейін үздік жобалар дауыс беру порталында жарияланады. Оның қорытындысы бойынша қаржыландыру және жедел іске асыру үшін басымдықтар айқындалатын болады, деп түсіндірді Өскенбаев.
 
Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында ҚР ИИДМ басшысы қала аумағын сапалы жоспарлау стандарттарының жобасын ұсынды.
 
Оның айтуынша, стандарттар жобалау, ықшам құрылысты енгізу, тартымды және жайлы қоғамдық кеңістікті қалыптастыру, жаяу жүргіншілер мен велосипед инфрақұрылымын дамыту бойынша қарапайым және көрнекі құралға айналады. 
 

Сондықтан қазір қала құрылысын жоспарлау жүйесін, озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, жаңа урбандалу тәсілдерін дамытуды трансформациялау қажет. Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттарын әзірлеу қажеттігін атап көрсеткен болатын. Осы мақсаттар үшін еліміздің ірі елді мекендерінің қалалық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасының пилоттық жобаларын іске асыруды бастауды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады министр.

 
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Q88 урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, Ақтау және Атырау қалаларының қалалық кеңістіктерін трансформациялау жұмыстарын бастады.
 
Бұған дейін Алматыда жаңа ғимараттардың қабаттылығы шектелетіні хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны