15.03.2022, 13:22 15136

ҚР 15 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 ауруының 54 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 15 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 ауруының 54 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: unsplash.com
НҰР-СҰЛТАН. 15 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 14 наурыз 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 304 560 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 54 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 3; 
 
Алматы қаласында - 24; 
 
Шымкент қаласында - 4; 
 
Ақмола облысында - 3; 
 
Ақтөбе облысында - 3; 
 
Алматы облысында - 2; 
 
Атырау облысында - 1; 
 
ШҚО-да - 1; 
 
Жамбыл облысында - 0; 
 
БҚО-да - 3; 
 
Қарағанды облысында - 3; 
 
Қостанай облысында - 1; 
 
Қызылорда облысында - 1; 
 
Маңғыстау облысында - 0; 
 
Павлодар облысында - 0; 
 
СҚО-да - 5; 
 
Түркістан облысында - 0.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 958 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 282 140 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
2022 жылғы 14 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның (КВИ -) 1 жағдайы тіркелді, өлім жағдайы тіркелген жоқ, 16 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 422, өлім - 5 347, сауыққандар - 82 050 тіркелді.
 
Қазақстанда 2022 жылғы 14 наурызға I компонентпен 9 426 486 адам вакцинацияланды, II компонентпен 9 078 226 адам вакцинацияланды. 
 
ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны