21.09.2021, 18:49 5571

ҚР 21 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 2 093 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. 21 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 20 қыркүйекке 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 864 955 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 093 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 190; 
 
Алматы қаласында – 415; 
 
Шымкент қаласында – 43; 
 
Ақмола облысында – 147; 
 
Ақтөбе облысында – 58; 
 
Алматы облысында – 254; 
 
Атырау облысында – 29; 
 
ШҚО-да – 128; 
 
Жамбыл облысында – 55; 
 
БҚО-да – 39; 
 
Қарағанды облысында – 304; 
 
Қостанай облысында – 107; 
 
Қызылорда облысында – 32; 
 
Маңғыстау облысында – 8; 
 
Павлодар облысында – 183; 
 
СҚО-да – 76; 
 
Түркістан облысында - 25.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 3 509 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 793 903 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
21 қыркүйекке КВИ-ден 68 803 адам (60 242 КВИ+ және 8 561 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 12 381 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 56 422 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 987 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 261 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 143 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 20 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 10 810 өлім жағдайы тіркелген. 19 қыркүйек күні КВИ-ден 47 адам қайтыс болды. 
 
19 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы тіркелді, 11 адам қайтыс болды және 31 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 74 110, өлім – 4 751, сауыққандар – 60 798. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 19 қыркүйекке I компонентпен 7 300 062 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 161 154 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны