20.08.2021, 17:17 8273

Карантинді сақтамағаны үшін 25 алматылық мекемеге айыппұл салынды

АЛМАТЫ. 20 ТАМЫЗ - Алматыда екі күн ішінде мейрамхана, кафе, бар, сұлулық салоны, компьютерлік клубтар мен дүкендердің 25 иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қаланың өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарлағандай, мегаполисте мониторингтік топтардың карантиндік тексерулері жалғасуда. 16 тамыздан 17 тамызға қараған түні белгіленген шектеулердің 13 бұзушылықтары анықталды.
 
Ең жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі - жұмыс режимін сақтамау. Кафелер, барлар мен мейрамханалар 22.00-ден кейін жұмысын жалғастырады. Аталған мекемелердің барлық иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
 

Эпидемиологтардың айтуынша, жасырын кештерде, жабық жерлерде уақыт өткізу арқылы қала тұрғындары өздеріне және айналасындағыларға қауіп төндіреді. Айта кетерлігі, мекемелерде мұндай заңсыздықтарға дер кезінде тойтарыс беріледі. Мысалы, өткен аптада мониторингтік топтар 1 000-ға жуық нысанды тексеріп, 124 бұзушылықты анықтады", - деп хабарлады ведомствода.

 
Еске салсақ, Алматыда "қою қызыл" аймаққа шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Сонымен қатар, қала қоғамдық көліктерде маска режимінің сақталуын бақылауды жалғастыруда.
 
Айдың басынан бері автокөлік компанияларының бақылау топтары мыңнан астам автобусты тексеріп, ондаған тәртіп бұзушыларды анықтады.
 

17 тамызда қоғамдық көліктегі карантиндік режимді сақтау бойынша алаңнан тыс шара ұйымдастырылды. Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде бетперде режимін сақтамағаны үшін 105 автобуста жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК 1-бөлімінің 425-бабы бойынша 17 жолаушыға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды", - деп хабарлады ведомствода.

 

Инспекторлар автобус жолаушыларын бетперде киюге көндіреді, себебі бұл инфекция қаупін азайтады. Назар аударыңыз, алматылық эпидемиологтардың мәліметі бойынша, қоғамдық көліктер инфекцияның негізгі бес жерінің бірі болып табылады және 17,6% жағдайды құрайды", - деп ескертті ведомствода.

 
Бұған дейін Алматыда аптасына 10,5 мың адамға дейін коронавирус жұқтыратыны хабарланған болатын. Қала "қызыл" аймақта қалады. Өткен тәулікте Қазақстанда КВИ-ден 163 адам қайтыс болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны