30.03.2021, 16:40 6237

Қазақстанда 30 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 30 НАУРЫЗ - 2021 жылғы 29 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 243 318 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 445 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 243 318. Аймақтар бойынша:
 
Алматы қаласында - 33 557 (+545), 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 30 238 (+204), 
 
ШҚО–да – 22 822 (+22), 
 
Павлодар облысында – 19 090 (+30), 
 
Атырау облысында – 18 577 (+63), 
 
Қарағанды облысында – 17 563 (+92), 
 
Ақмола облысында – 15 284 (+45), 
 
БҚО–да – 14 952 (+76), 
 
Қостанай облысында – 13 747 (+38), 
 
СҚО–да – 13 026 (+25), 
 
Алматы облысында – 13 287 (+177), 
 
Шымкент қаласында – 6758 (+13), 
 
Жамбыл облысында – 6373 (+25), 
 
Ақтөбе облысында – 5154 (+73), 
 
Түркістан облысында - 4478 (+8), 
 
Маңғыстау облысында - 4396 (+0), 
 
Қызылорда облысында - 4016 (+9).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 863 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 218 031, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
30 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 24 180 адам (22 258 КВИ+ және 1 922 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 8 130 науқас стационарларда, ал 16 050 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 364 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 76 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 46 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 29 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 3 029 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 28 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 192 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 443, 684 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 47 837 жетті. 
 
Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа өтті. 2021 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау және Батыс Қазақстан облыстары орналасқан. "Сары" аймақта: Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары. "Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны