04.05.2022, 17:45 10006

Жыл басынан бері 4,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 92,4 мың этникалық қазақ оралды.
НҰР-СҰЛТАН. 4 МАМЫР - 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 4 502 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Министрліктің деректері бойынша, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 92,4 мың этникалық қазақ оралды.
 

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,2%) Өзбекстаннан, 9,8% – Қытайдан, 10,4% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,2% басқа елдерден", - деп атап өтті ҚР ЕХӘҚМ.

 
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,3%), Маңғыстау (20,1%), Түркістан (10,8%) және Жамбыл (6,0%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,8%), Нұр-Сұлтан (6,8%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды.
 
Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 23%-ды және зейнеткерлер 13,9%-ды құрайды.
 

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 10,9%-ы жоғары білімді, 40,7%-ы орта кәсіби білімді, 46,6%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ", - деп толықтырды ведомстводан.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны