29.11.2022, 10:14 16391

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 85 жағдайы тіркелді

КВИ-ден 987 адам ем алуды жалғастыруда
Астана. 29 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 85 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 396 611 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 29 қарашада КВИ-ден 987 адам (847 КВИ+ және 140 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 161 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 826 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде - 8 пациент,
 
- аса ауыр халде - 2 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында - 1 пациент бар.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 847 465 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 612 298 адам вакцинацияланды. 5 660 977 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны