16.04.2021, 20:27 10797

"ҚазАвтоЖол" басшысы қанағаттанарлықсыз жұмысына байланысты қызметінен босатылды

Барлық өңірлерде бюджет қаражатының жұмсалуына, көлік магистральдарының құрылысы мен жөндеу сапасына бақылау күшейтілетін болады.
НҰР-СҰЛТАН. 16 СӘУІР - Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Басқарма төрағасы қызметінен босатылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Берік Уәлидің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Қанағаттанарлықсыз жұмысына байланысты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды", - деп жазды Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

 
Оның айтуынша, барлық өңірлерде бюджет қаражатының жұмсалуына, көлік магистральдарының құрылысы мен жөндеу сапасына бақылау күшейтілетін болады.
 

Президент бұл мәселенің шешімін алдағы уақытта да өз бақылауында ұстауға ниетті", - деп түйіндеді баспасөз хатшысы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны