23.08.2021, 17:08 12374

Қазақстандықтар Конституция күніне қалай демалады

НҰР-СҰЛТАН. 23 ТАМЫЗ - Қазақстандықтар Конституция күніне 3 күн демалады.
 
Конституция күні, 30 тамыз - мемлекеттік мереке. Биыл ол дүйсенбіге келеді, сәйкесінше тамыз айының соңында қазақстандықтар қатарынан 3 күн демалады, деп хабарлайды uchet.kz.
 
Осылайша, 2021 жылдың тамыз айының соңында Конституция күніне орай демалыс күндері келесі болады: 
 
- бес күндік жұмыс аптасында - 28, 29, 30 тамыз күндері демалыс болып саналады және 31 тамызда жұмыс аптасы басталады.
 
- алты күндік жұмыс аптасында - 28 тамыз жұмыс күні болып саналады, демалыс күндері - 29 және 30 тамыз, ал 31 тамызда жұмыс аптасы басталады.
 
Ақпарат көзі: uchet.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны