25.11.2021, 16:02 24258

Алматыда өтіп бара жатқан адамдарды өрт сөндіргішпен қорқытқан жастар ұсталды

1999 және 2002 жылдары туған жастар мен оператордың іс-әрекеттері ҚР ҚК ӘҚ туралы 434-бабы - ұсақ бұзақылық бойынша квалификацияланған.
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарды өрт сөндіргішпен қорқытқан жастар ұсталды
Сурет: Алматы ПД
АЛМАТЫ. 25 ҚАРАША - Алматыда полиция өрт сөндіргішті іске қосып, қоғамдық орында өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан жастарды ұстады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
06.09.1999 жылы туған К.С.Әлиакбаров, 26.06.2002 жылғы А.С.Армиянов және оператордың (қазіргі уақытта жеке басы анықталып жатыр) іс-әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы - ұсақ бұзақылық бойынша квалификацияланған.
 

26.06.2002 жылы туған А.С.Армиянов алдында метрода әуендік колоннамен жасалған пранктерге қатысқан және осыған дейін ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл әрекеттер айыппұлды немесе әкімшілік қамауға алуды көздейді. Жинақталған әкімшілік іс жүргізу материалы шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Жақында 2021 жылы 21 қарашада Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен К.С.Әлиакбаров (бейнетаспада қолында өрт сөндіргіші бар) әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілікке тартылды. А.С.Армияновқа және операторға қатысты тексеру жалғасуда", - деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Рүстем Әбдірахманов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Алматы

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны