24.12.2021, 18:04 39031

ИИДМ зейнетақы артығын пайдалану мерзімін қысқарту туралы сұраққа жауап берді

ИИДМ зейнетақы артығын пайдалану мерзімін қысқарту туралы сұраққа жауап берді
НҰР-СҰЛТАН. 24 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде зейнетақы қорындағы шекті сомадан асатын ақшаны пайдалану мерзімі неліктен 45 күннен 20 күнге дейін қысқартылды деген сұраққа жауап берілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты сұрақтарға жауап беруді жалғастырамыз. Бүгін оны пайдалану мерзімі (мақсатын растайтын құжаттарды ұсыну) неліктен 45 күннен 20 күнге дейін қысқартылғанын айтып береміз. Аталған мерзімді қысқарту туралы ұсыныс жаңа ережелерді ҚР Ұлттық банкпен келісу барысында айтылды. Оған зейнетақы төлемдерін қайтару және алу жағдайлары негіз болған. Мақсатты пайдалану мерзімі ұзақ болса (45 жұмыс күні), БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары қалдығының өзгергенде инвестициялық кіріс есептелмей қалуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл ай сайынғы зейнетақыны есептеу кезінде қаражаттың дұрыс есептелмеуіне әкеп соқтырады. Ал 20 жұмыс күні зейнетақы жүйесі салымшыларының мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі өзінің Instagram-парақшасында.

 
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айында Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі өзгерді. Пайдалану мерзімі 20 жұмыс күніне дейін болады. Сондай-ақ, 16 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар зейнетақы артығын "Отбасы банктегі" депозиттерге аудару мүмкіндігіне ие болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны