24.12.2021, 18:34 39231

Рысқұлов даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында жол қозғалысын ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді

Аталған жұмыстар аясында Тілендиев көшесі қиылысындағы бағдаршам нысаны сөндірілді.
Рысқұлов даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында жол қозғалысын ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді
Сурет: Алматы әкімдігі
АЛМАТЫ. 24 ЖЕЛТОҚСАН - Алматыда Тілендиев көшесі мен Рысқұлов даңғылындағы жол қозғалысына өзгерістер енгізіледі.
 
Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрығы бойымен көлік қозғалысы ашылғаннан кейін қосалқы көшелер мен қиылыстардағы жол қозғалысына тестілік режимде өзгерістер енгізілген болатын.
 
Аталған жұмыстар аясында Тілендиев көшесі қиылысындағы бағдаршам нысаны сөндірілді. Бұл шаралар Рысқұлов даңғылының өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.
 
Көрсетілген аумақта стандарттарға сәйкес қиылыстан шығысқа қарай 250 метр, батысқа қарай 150 метр қашықтықта жолүсті және жоласты жолаушылар өткелі орналасқан.
 
Қалыптасқан көлік жағдайы мен жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша аталған қиылыстағы көлік қозғалысына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.
 
Рысқұлов даңғылын кесіп өту үшін Немирович-Данченко көшесінде шығысқа қарай бағдаршам іске қосылады.
 
Немирович-Данченко көшесі бойымен көлік қозғалысы кезінде солтүстік бағытта тікке, солға және оңға жүруге мүмкіндік жасалады, Оңтүстік бағытта Жаңаарқа көшесімен қозғалыс кезінде тек оңға бұрылуға болады.
 
Бағдаршам осы режимде 2022 жылғы қаңтардың аяғына дейін жұмыс істейді. Осы аралықтағы көлік қозғалысы жағдайы туралы есеп алынғаннан кейін аталған аумақ үшін оңтайлы көлік қозғалысы режимі бекітілетін болады.
 
Аталған шаралардың негізгі мақсаты - жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол желісінің өткізу қабілетін арттыру. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны