12.04.2022, 18:14 15326

Алматыда дендрарий салуды жоспарлап отыр

АЛМАТЫ. 12 СӘУІР - Алматыда шетелдегі футуристік дендрарий үлгісімен жаңа нысан салынады.
 
Өткен жылдың көктемінде әл-Фараби даңғылындағы "Сұңқар" шаңғы трамплиндері кешені ауданында айрықша дендросаябақ пайда болатыны айтылған. Алматының жасыл экономика басқармасы осы жобаның жүзеге асу барысы туралы мәлімдеді.
 

Арборетумың жалпы ауданы 57 гектар болуы керек. Біз бұл жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатырмыз. Ғылыми мамандармен бірлесе отырып, суару жүйесін және инженерлік желілерді жүргізу үшін көшкін баурайына ағаш отырғызу мәселесін пысықтап жатырмыз. Жоба шілде айында сараптамадан өтеді деп жоспарлап отырмыз", - деді басқарма басшысының орынбасары Ұлан Абдулдаев. 

 
Оның айтуынша, инвесторлар әл-Фараби арқылы өтетін жаңа саябақ аймағын Ботаникалық бақпен байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі жобасын әзірлеп жатыр. Бұл жоба да биыл жазда сараптамадан өтеді. 
 
Еске сала кетейік, 2021 жылдың сәуір айында Жасыл экономика басқармасының басшысы Алматыда әл-Фараби төбесіндегі жаңа саябақ пен рекреациялық аймақ - арборетум пайда болатынын айтқан болатын. Ол Қытай, Ұлыбритания және Австралиядағы футуристік дендрарий үлгісі бойынша жобаланады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны