05.07.2022, 16:18 12751

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеу және қолжетімді ортаны қалыптастырудың Ұлттық бірыңғай стандарты әзірленеді

Әлихан Смайылов бірқатар тапсырмалар беріп, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдаудың кешенді шараларын іске асыруды жалғастыру қажет екен атап өтті.
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеу және қолжетімді ортаны қалыптастырудың Ұлттық бірыңғай стандарты әзірленеді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 5 ШІЛДЕ - Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында барлық мүдделі мемлекеттік органдарға әкімдіктермен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеу және қолжетімді ортаны қалыптастырудың Ұлттық бірыңғай стандарт әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Әлихан Смайылов бірқатар тапсырмалар беріп, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдаудың кешенді шараларын іске асыруды жалғастыру қажет екен атап өтті. 
 
Бірінші. ЕХӘҚМ Денсаулық сақтау және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірге сырттай куәландыруды енгізу үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау және Әлеуметтік қызметтер порталын жетілдіру жұмыстарын жалғастыруы керек. 
 
Екінші. Өңір әкімдіктері жыл соңына дейін мұқтаж адамдарды техникалық құралдармен және сауықтыру қызметтерімен қамту көрсеткішін 90%-ға және 2023 жылдың соңына қарай 100%-ға жеткізуі керек. 
 

Мүгедектігі бар адамдарды күндіз қабылдайтын бөлімшелер желісін кеңейтіп, әлеуметтік қызмет көрсететін шағын үйлер құру қажет", — деді Ә. Смайылов.

 
Үшінші. Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге науқастарды ертерек диагностикалауға және мүгедектіктің алдын алу үшін ерте оңалтуға ерекше назар аударуы керек. 
 
Премьер-Министр барлық мүдделі мемлекеттік органдарға әкімдіктермен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеу және қолжетімді ортаны қалыптастырудың Ұлттық бірыңғай стандартын әзірлеуді тапсырды. 
 
Ол Үкіметтің міндеті – мүгедектігі бар адамдар үшін өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру екенін, сондықтан олардың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері министрлер мен әкімдердің ұдайы бақылауында болуы тиіс екенін атап өтті.
 
Премьер-Министр мемлекет тарапынан үнемі қолдау көрсетілетінін атап өтті. Тиісті заңнамалық түзетулер қабылданып, мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасыларының табысын арттыру, өмір сапасын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.
 
Сонымен қатар, Әлеуметтік қызметтер порталының арқасында техникалық құралдар мен емдік-сауықтыру қызметтерін алу мерзімі 8 айдан 30 күнге дейін қысқарды.
 
Биылғы жылдың соңына дейін 17 ерте оңалту-араласу орталығы ашылады. Олар жаңа туған нәрестелердегі патологияны дер кезінде анықтауға және емдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 
Сонымен қатар, өңірлерде мүгедектігі бар адамдарға арналған 12 сауықтыру орталығын салу жұмыстары жүруде. Бұл әлеуметтік қорғау жүйесінде қосымша 25 мың адамды емдік-сауықтыру шараларымен қамтуға мүмкіндік береді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны